Атырау, 23 желтоқсан 23:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Еренай Дәржібаев үй қамауына алынды

2 431 рет қаралды


Мәдениет және спорт министрлігінің Әкімшілік департаментінің директоры Еренай Дәржібаев үй қамауына алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Тергеу соты сотқа дейінгі тергеу органдағылардың күдікті Дәржібаевқа қатысты бұлтарпау шарасы ретінде 2 айға - 2018 жылдың 24 желтоқсанына дейін үй қамауына алу туралы өтінішін қанағаттандырды", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметіндегілер. 

Айта кетейік, Дәржібаев бұл қызметінен басқа Мәдениет және спорт министрлігінің Этика жөніндегі уәкілетті өкілі қызметін атқарады. Мұның алдында осы министрліктің лауазымды тұлғалары ұсталғаны хабарланған болатын. Бұл мәліметті Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова Астанадағы брифинг барысында растаған еді.

Дереккөз: tengrinews.kz

26 қазан 2018, 16:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.