Атырау, 23 желтоқсан 22:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Липосакциядан көз жұмған әйел: сот процесі уақытша тоқтады

1 847 рет қаралды


Алмалы аудандық сотының судьясы Болатбек Загиев липосакциядан көз жұмған Дана Агамұрадованың өлімі бойынша істі  апелляциялық  инстанцияға жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Мұның алдында сот адвокат Зинұр Бектеновтың істі доғару туралы өтінішін қанағаттандырмай қойған еді. Осыған байланысты адвокат жеке шағым түсірді. 

«Бас сот талқылауында бұлтартпау шарасы бойынша қаулы шығады. Біз біршама уақытқа үзіліс аламыз. Іс Алматы қалалық сотының апелляциялық коллегиясына бағытталады»,- деді судья. 

Естеріңізге сала кетейік, Украина азаматшасы Дана Агамұрадова Алматыда іш майын алғызу үшін липосакция жасатпақ болып, жекеменшік емханалардың бірінде ота жасатқан. Отадан соң 6 сағат өткенде Дана есін жимастан көз жұмған. Дәрігерлердің айтуынша, пациент май түйіршіктерінің өкпе тамырларын бітеп қалуынан көз жұмған. 

Отаны жасаған пластикалық хирург Дмитрий Писарев қазір сот алдында жауап беріп жатыр. Дәл осы хирургтың қолынан биыл қарашада тағы бір әйел көз жұмған. 30 жастағы Лаура Ізбасарова пластикалық ота жасатып, омырауын тарттырмақ болған. Бұл қылмыстық оқиғаны да полиция тексеруге алды. 

Осы аптада 44 жастағы әйелдің пластикалық отадан кейін қайтыс болғаны белгілі болды. Әйелге отаны «Moskva deLux» емханасының хирургы Роман Алферов жасаған.

Дереккөз: inform.kz

24 қазан 2018, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.