Атырау, 23 желтоқсан 21:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​"Союз" зымыранының апаты: Атамқұлов экологиялық сынамалардың нәтижесін айтты

2 316 рет қаралды


Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов зымыран ұшыру кезінде болған апаттан кейін алынған экологиялық сынамалардың нәтижесі қалыпты деңгейде екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. 

Еске сала кетейік, 11 қазанда Байқоңырда "Союз МС-10" зымыран-тасығышын ұшыру кезінде төтенше жағдай болған еді. 

"Союз МС-10" бортында ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен америкалық астронавт Ник Хейг болған. Кейінірек олар аман-есен екені анықталған болатын. Осыған дейін министр Атамқұлов журналистерге зымыран-тасығыш құлаған топыраққа жүргізілген сараптаманың нәтижесінде де экологиялық ластанудың анықталмағанын хабарлаған еді. "Экологиялық сынамалар қалыпты жағдайды көрсетті. Сараптамалар аяқталып қалды", - деді Атамқұлов журналистерге. 

Оның айтуынша, бүгінде айтарлықтай экологиялық ластану жоқ. "Бірінші кезекте апат "Байқоңырда" болған жоқ. Бұл ұшыру кезіндегі штаттан тыс жағдай. Ғарыш айлағы өз орнында қаз-қалпында тұр. Онда барлығы тұрақты өтті, барлығы дұрыс. Бұл экологияға еш қауіп төндірмейді. Табиғатқа зияны жоқ", - деген еді осыған дейін министрліктің баспасөз қызметіндегілер.

Дереккөз: tengrinews.kz

23 қазан 2018, 10:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.