Атырау, 20 сәуір 06:23
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Министрлік Каспий теңізінде Иран азаматтарының улануына қатысты түсініктеме берді

1 560 просмотра


Иранның үш азаматы Каспий теңізінде уланып, көз жұмған. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Каспий теңізінде ирандық теңізшілердің улануына қатысты жағдайды бақылауда ұстап отыр. Бұл туралы бүгін ведомство баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды  тілшісі.

Демалыс күндері шетелдік БАҚ-та Каспий теңізінде бидай тиелген Иранның жүк кемесінде теңізшілер уланып қалғаны хабарланған еді. Үш адам көз жұмған. Смадияровтың айтуынша, кеме Ақтаудан Бакуге бет алған.

"Бізде бар ақпаратқа сәйкес, оқиға Каспийдің нейтралды суларында болған. Уланған ирандық азаматтарды Баку қаласына Әзербайжанның кемесі жеткізген. Теңізшілердің неден уланғаны белгісіз", — деді ол апта сайынғы брифингте.

Ол ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық инспекциясы улану себептерін анықтау бойнша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

"Толық ақпарат инспекция жүргізген жұмыс нәтижесінде белгілі болады. Әзірге Иран тарапы Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне жүгінген жоқ", — деді Смадияров.

Дереккөз: sputniknews.kz

23 қазан 2018, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.