Атырау, 23 желтоқсан 21:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Ресейлік телешоуда қазақстандық қыз 35 секундта 18 бетті жылдамдыққа оқып шықты

Бейнежазба
1 738 рет қаралды


Қазақстандық Адина Манатбекова "Россия 1" телеарнасындағы "Удивительные люди" бағдарламасының қазылар алқасын жылдамдыққа оқу қабілетімен таңғалдырды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Қыз 35 секундта 18 бетті оқып үлгерген. Адина мәтінді тез оқып қана қоймай, оның мағынасын да түсіне алған. Қазақстандық қыздың айтуынша, 2016 жылы бір минутта 94 мың сөз оқып, рекорд орнатқан. Ал мәтіннің 90 пайызын түсінген.  

Адина Манатбекованың оқыған мәтінді қабылдау деңгейін тексеру үшін, телешоу ұйымдастырушылары түсірілім алаңында оған тәжірибе жасап көрді.

 "Волшебник Изумрудного города" шығармасынан үзінді алып, кейбір сөздерін ауыстырып тастады. Адина оқып болғаннан кейін, төрешілер қазақстандық қыздың айырмашылықты байқап-байқамағанын түсіну үшін сұрақтар қоя бастайды. Қыз олардың қойған төрт сұрағының үшеуіне дұрыс жауап берді.



Дереккөз: tengrinews.kz

22 қазан 2018, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.