Атырау, 24 желтоқсан 01:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Данияр Елеусінов кезекті жеңісінен кейін әлемдік рейтингте бірден 39 орынға көтерілді

1 698 рет қаралды


2016 жылғы Олимпиада чемпионы BoxRec.com сайтының рейтингінде қазір 224-ші орында. Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов қарсыласын нокаутпен жеңгеннен кейін әлемдік рейтингтегі орнын жақсартты.  

Демалыс күндері жартылай орта салмақта сынға түсетін боксшы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокста төртінші жеңісіне қол жеткізген еді. 

Қазақстандық Бостондағы (АҚШ) TD Garden аренасында өткен бокс кешінде америкалық Мэтт Доэртимен қолғап түйістірді. Отандасымыз қарсыласын бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Елеусіновтың кезекті жеңісі беделді BoxRec.com сайтының жартылай орта салмақтағы спортшылар рейтингісіндегі орнына әсер етті, деп хабарлайды Sports.kz. 2016 жылғы Олимпиада чемпионы рейтингте 39 орынға көтеріліп, 224-ші орыннан көрінді. 

Еске сала кетсек, Данияр Елеусіновтың келесі жекпе-жегі 24 қарашада Монакода өтеді. Қазақстандықтың кіммен жұдырықтасатыны әзірге белгісіз.

Дереккөз: sputniknews.kz

22 қазан 2018, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.