Атырау, 24 желтоқсан 01:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Данияр Елеусінов америкалықты бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді – видео

Бейнежазба
1 773 рет қаралды


Данияр Бостандағы TD Garden аренада кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізді. Қазақ боксшысы Данияр Елеусінов (3-0, 1 КО) кәсіпқой бокстағы төртінші жекпе-жегінде нокаутпен жеңіске жетті.     

Бокс кеші Бостандағы (АҚШ) TD Garden аренада өтті. Жартылай орта салмақ дәрежесіндегі алты раундтық жекпе-жекте 27 жастағы отандасымызға америкалық боксшы Мэтт Доэрти (8-5-1, 4 КО) қарсылас болды. Жекпе-жектің бірінші раундында Елеусінов техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

Осылайша, Данияр кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізіп, жеңілмеген боксшы деген атағын сақтап қалды. Ал Доэрти алтыншы рет жеңілістің ащы дәмін татты.  

Айта кетейік, Данияр Елеусінов рингке 24 қарашада оралады деп жоспарлануда. Оның Монте-Карлодағы (Монако) жаңа қарсыласы кейінірек жарияланады.  

Дереккөз: sputniknews.kz

21 қазан 2018, 12:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.