Атырау, 25 сәуір 04:24
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Астанадағы автобус жүргізушілерінің ереуілі - "Astana LRT" не деп жауап берді?

1 517 просмотра


"Astana LRT" автобус жүргізушілерінің ереуілі туралы ақпаратты шындыққа жанаспайды деп мәлімдеді. 

"Astana LRT" елордалық автобус жүргізушілерінің ереуілі туралы ақпаратты жоққа шығарып, қала тұрғындарын тексерілген ресми мәліметке ғана сенуге шақырды.

Елордалық автобус жүргізушілерінің ереуіл жасап, жұмысқа шығудан бас тартып жатқаны туралы қауесет 19 қазанда әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде пайда болып, Астанада тез тарап кетті.

Бұл ақпаратты естіген қала тұрғындары наразылықтарын білдірді, өйткені ауа райы күрт суытып кеткендіктен, қолайсыз мерзімге сәйкес келген. Жағымсыз пікірлер толастамаған соң, "Astana LRT" оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

Компания таратылған мәліметті жоққа шығарып, шындыққа мүлдем жанаспайды деді.

"Бүкіл тасымалдаушылармен сөйлесіп, диспетчерлік қызмет арқылы тексердік, автобустар жоспарға сәйкес штаттық режимде жұмыс істеп жатыр", — деп хабарлады "Astana LRT".

Қала тұрғындарының аялдамада қоғамдық көлікті ұзақ күтуіне ауа райы қолайсыздығына байланысты автобус жылдамдығын азайтуы себеп болған. Компания бұдан былай жалған ақпаратты таратпауды сұрады.

Дереккөз: sputniknews.kz

20 қазан 2018, 11:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.