Атырау, 26 сәуір 20:23
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Димаштың Лондондағы концертіне билеттер лезде сатылып кетті

1 786 просмотра


Сату басталғаннан кейін бір жарым сағат өткен соң ағылшын тілді сайтта қазақстандық әншінің концертіне билет қалмады, ал отандық ресурс бір істеп, бір істемей тұр.

 Димаш Құдайбергеннің Лондондағы концертіне билеттің барлығы дерлік сатылып кетті.

Билет сату бүгін Астана уақытымен сағат 16.00-де (Лондон уақытымен таңғы 11.00) ресми түрде бсталды. Әншінің фанаттары алғашқы минуттан-ақ билет сататын отандық және ағылшын сайттарына "шабуылдады". 

Посмотреть эту публикацию в Instagram
Дорогие друзья! У нас для вас отличная новость! Поскольку нам поступило невероятное количество запросов на концерт Димаша Кудайбергена, намного больше того, что может вместить зал, было принято решение перенести концерт. Дата остается прежней – 19 ноября! Место проведения - зал Indigo at the O2. Адрес: Peninsula Square, London, SE 10 ODX. Старт продаж билетов начнется 19 октября в 11:00 утра по времени Лондона, купить билеты и внести свой вклад в поддержку молодых талантов Казахстана вы можете на сайтах: www.axs.com и www.biletiastana.kz Құрметті достар! Сіздер үшін өте жақсы жаңалығымыз бар! Димаш Құдайбергеннің концертіне жоспардан əлдеқайда көп сұраныс түскен соң, концертті басқа орынға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Концерт күні өзгеріссіз - 19 қараша! Өткізілетін орны - Indigo at the O2 залы. Мекен-жайы: Peninsula Square, London, SE 10 ODX. Билеттер сатылымы Лондон уақытымен 19 қазанда сағат 11:00 - де басталады, Қазақстанның дарынды жастарын қолдауға үлес қосып, билеттерді www.axs.com және www.biletiastana.kz сайттарынан сатып ала аласыздар. Dear friends! We have great news for you! We received an incredible number of requests for Dimash Qudaibergen's concert, much more than the hall could accommodate. It was decided to change the concert venue. The date remains the same - November 19th! Location- Indigo hall at the O2. Address: Peninsula Square, London, SE 10 ODX. The start of ticket sales will begin on October 19 at 11:00 am London time (GMT + 1) You can buy tickets and contribute to the support of young talents of Kazakhstan via websites www.axs.com and www.biletiastana.kz.
Публикация от Қазақ әуендері (@kazauenderi)

Biletiastana порталында жүктеме бірнеше есе ұлғайды. Сайт бір ашылып, бір ашылмай тұр.

"biletiastana.kz сайтында жүктеме бірнеше есе артты, сайт жұмыс істеп тұр, бірақ баяу. Тағы да кіріп көрулеріңізді сұраймыз", — деп түсініктеме берді "Қазақ әуендері" компаниясы.  

"Билет сататын қазақ сайты ашылмай тұр… Шынымен істен шыққаны ма?", "Иә, билет сатып алу мүмкін емес. Орын жоқ деп жазып жатыр", — деп шағымданды желі қолданушылары әлеуметтік желілерде. 

Бір жарым сағаттан соң жергілікті biletiastana.kz сайтында төменгі және жоғарғы қабаттардағы блоктарға 33-36 мың теңгеден (Ұлттық банктің бағамы бойынша 90-100 доллар шамасында) билет алуға мүмкіндік пайда болды.

AXS сайтынан скриншот – Димаштың концертіне билеттер 1,5 сағаттың ішінде сатылып кетті

Астана уақыты бойынша сағат 17.30-да ағылшын тіліндегі AXS ресурсында Димаш шоуында отыратын орындарға бір де бір билет болған жоқ. Алайда концертті тұрып тыңдауға болатын фан-аймақтан орын таба аласыз.   

Димаштың концерті өтетін орын – Indigo at the O2 залы. Сайтта ойын-сауық орталығына 2800 көрермен сиятыны көрсетілген. 

Сонымен қатар, кейбіреулер сатып алынған билеттерді қазірдің өзінде қайта сата бастады, желіде концертке барғысы келетіндерді іздеп жатыр. 

Димаш Тұманды Альбионда 19 қараша күні алғаш рет өнер көрсетеді. Тіркелген көрермендерге жеке RSVP бейдж беріледі.   

Дереккөз: sputniknews.kz

19 қазан 2018, 21:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.