Атырау, 29 наурыз 00:47
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Шпекбаев әріптестеріне әлеуметтік желіде отыруды тапсырды

1 071 просмотра


Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев әріптестеріне мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты азайтуды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Шпекбаев мемлекет пен халық арасындағы алшақтықты азайту үшін БАҚ-пен белсенді өзара іс-қимылды жалғастыру қажеттігін атап өтті.

"Материал берудің жаңа форматын ойластыруымыз керек. Жұртшылықпен жұмысты жолға қою үшін 2019 жылдың 1 тоқсанына дейін агенттіктің бірыңғай брэндбугын әзірлеуді тапсырамын", —деді ол агенттіктің алқа отырысында.

Сондай-ақ, азаматтармен етене байланыста болу үшін әлеуметтік желілерден парақша ашуды тапсырды.

"Әріптестер, былтырғы жылдың соңында мен фейсбуктен парақша аштым. Азаматтардың ұсыныстары мен арыз-шағымы үшін жеке пошта аштым. Осы уақыт аралығында әлеуметтік желі дәстүрлі БАҚ-тан еш кем түспейтін, тіпті кейбір кезде одан асып түсетін маңызды коммуникация арнасы екеніне көзім жетті. Осыған байланысты агенттіктің аумақтық бөлімшелері мен орталық аппарат департаменттерінің басшыларына қызметтік мақсатта фейсбуктен ресми парақша ашуды тапсырамын", — деді Шпекбаев.

Айтуынша, бұл азаматтардың проблемасынан хабардар болуға, ашықтықты қамтамасыз етуге және клиентке бағдарлануға мүмкіндік береді.

"Бәріңіз де мінсіз имиджді қалайсыздар деп ойлаймын. Сондықтан әлеуметтік желілерде жемісті жұмыс істейді деген үміттемін", — деді ол.

Шпекбаев жаңа дәуір жаңа талаптар қоятынын, жақын арада жұмыстың басым бөлгі цифрлық кеңістікке ауысатынын атап өтті.

"Азаматтардың қажеттілігі артуда. Бірқатар дамыған елде мемлекеттік органдар ресми жауапты әлеуметтік желі арқылы береді. Біз де ақырындап осыған келе жатырмыз", — деп түйіндеді агенттік төрағасы.

 

Дереккөз: sputniknews.kz

19 қазан 2018, 13:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.