Атырау, 20 сәуір 08:20
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Қазақстанда ІІД атауы Полиция департаменті болып өзгерді

2 186 просмотра


Қазақстанда ішкі істер департаменттері полиция департаменті болып өзгерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Енді, мәселен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіні Астана қалалық Ішкі істер департаменті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының Полиция департаменті болып өзгерді. Мұндай өзгеріс Қазақстанның өзге де облыстарында болды, оның ішінде Түркістан облысы мен Шымкентте. 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаменті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктері полиция департаменті болып өзгерді. Мұндай өзгеріс қазақстандық полицияны реформалау аясында болып отыр. Ішкі істер департаменті мен жергілікті полиция қызметін жаңадан құрылған полиция департаменті болып өзгерген органдарды біріктіру жоспарланып отыр. 

Сондай-ақ, елімізде ішкі істер министрінің ұсынысымен полиция департаменттерінің басшыларын облыс әкімдері тағайындау жоспарланған.

Дереккөз: tengrinews.kz

19 қазан 2018, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.