Атырау, 25 сәуір 13:11
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Мемлекеттік кірістер комитетіне жаңа басшы келді

1 654 просмотра


Марат Сұлтанғазиев Мемлекеттік кірістер комитетіне басшы болып тағайындалды. Ол осы лауазымға тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Білімі бойынша - экономист-қаржыгер, заңгер, іскер әкімшілік магистрі, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясын және Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын Алматы қаласында салық органдары жүйесінде бастаған. Онда ұзақ уақыт бойы әр түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. Кейін Қаржы министрлігінде департамент директоры, әрі қарай ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік - экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі, өткен жылы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментін басқарды.

Дереккөз: inform.kz

18 қазан 2018, 16:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.