Атырау, 22 қараша 23:03
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Құрманғазыда екі полицей «Сушняк» кафесінің қожайынын соққыға жықты

Толықтырылды Бейнежазба
3 266 просмотра


Әлеуметтік желілерде кафе ішінде екі ер адамның үшінші бір адамды соққыға жығып жатқаны туралы бейнежазба кеңінен таралуда. Әлгі адам қарсылық көрсетсе де, бірақ күштер тең емес. Роликтегі комментарий: бұл Құрманғазы АІІБ бастығының орынбасары Жасұлан МҰҚАШЕВ және полиция майоры Әміржан ЕРТАЕВ, олар осы жылдың шілде айында Құрманғазы ауданы орталығындағы «Сушняк» кафесінің қожайыны Нұрсейіт АРУОВҚА кешкі ас үшін ақы төлеуін талап еткен кезде күш көрсеткен.

Атырау облыстық ІІД-де бейнежазбадағылар Құрманғазы АІІБ қызметкері Мұқашев пен Ертаев екенін растады. 

- Осыдан кейін Аруов полицияға шағымданды. Осы факті бойынша Атырау облыстық ІІД Ішкі қауіпсіздік басқармасы қылмыстық іс қозғады. Іс өндіріспен аяқталып, Құрманғазы аудандық сотына жолданды, - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА, полицейлердің Қылмыстық кодекстің қандай бабы бойынша айыпталып отырғанын нақтыламай. – Осы факті бойынша қызметтік тергеу жүргізілді, оның қорытындысы бойынша екі қызметкер ішкі істер органдарынан шығарылды.

Құрманғазы аудандық соты бізге полиция майоры Ә.Ертаевқа қатысты ҚР ҚК-нің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа қылмыстық іс түскенін хабарлады.

«АЖ» тілшісі телефон арқылы Нұрсейіт Аруовпен хабарласты.

- Мені соққыға жыққан жерге полицейлерді де, дәрігерлерді де шақырдым. Осыдан кейін бір апта ауруханада жаттым, - дейді Аруов. – Олар кешірім сұрауға келді, бірақ мен кешірім бермедім. Сот шешімін күтемін. Ал АІІБ бастығының орынбасары Жасұлан Мұқашев бұрынғы лауазымында жұмыс істеп жүр.

Аруевтің айтуынша, оған ақша ұсынған, тіпті, қоқан-лоқы да жасалған.

Атырау облыстық ІІД-де Ж. Мұқашевтің жұмыстан босатылмағанын – оның «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын қосымша хабарлады.



Фархат ӘБІЛОВ

18 қазан 2018, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.