Атырау, 25 желтоқсан 07:06
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

​Астанада 8 бала менингит жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды

1 923 рет қаралды


Астанада 5-16 қазан аралығында сегіз бала сірлі менингит жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бүгінде Астанадағы балалар жұқпалы аурулар ауруханасында алдын ала "сірлі менингит" диагнозы қойылған 8 мектеп оқушысы жатыр. Олардың барлығы әр түрлі мектепте оқиды. 5-16 қазан аралығында әр түрлі мерзімде ауруханаға түсті", - деп хабарлады Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов. 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта балалардың жағдайы қанағаттанарлық. Тек осыдан екі күн бұрын түскен баланың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.  

Байғабылов балалардың ауруханадан екі аптадан соң шығатынын айтып өтті. Бірақ, департамент басшысының айтуынша, Астанада ешқандай карантин жарияланбайды. Себебі сірлі менингит менингококк инфекциясы сияқты қауіпті емес.

Дереккөз. tengrinews.kz

18 қазан 2018, 14:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.