Атырау, 28 наурыз 16:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Ақышев Әзербайжан банкіне қатысты шыққан дауға жауап берді

1 682 просмотра


Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алынып, Әзербайжан халықаралық банкіне салынған 250 млн долларға қатысты шыққан дауға пікір білдірді

Данияр Ақышев бүгінгі таңда аталған мәселеге БЖЗҚ-ның қатысы жоқ екенін айтты.

«Мен ойымша, сіздер жанжал туындағанын қалайтын сияқтысыздар. Қазіргі таңда БЖЗҚ (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) аталған банктің инвесторы болып саналмайды. Аталмыш банктің қағаздары Әзербайжанның мемлекеттік бағалы қағаздарына ауыстырылды. Яғни біз Әзербайжанның инвесторы болып саналамыз. Сондықтан бүгінде БЖЗҚ-ның аталған банкке (Әзербайжан халықаралық банкіне – автор) еш қатысы жоқ», - деді Ұлттық банк төрағасы Мәжіліс отырысынан шыққан соң журналистерге.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан 3 жыл бұрын БЖЗҚ-ның топ менеджерлері Әзірбайжан халықаралық банкіне 71,3 млрд теңге немесе 250 млн доллар көлемінде инвестиция салған. Кейін Әзербайжанның ұлттық валютасының девальвациясы мен мұнай бағасының құлдырауы салдарынан аталған қаржыны қайтару бойынша проблема туындаған. Бұрынғы қаржы министрі Бақыт Сұлтанов қос мемлекет арасында келіссөздер жүргізілгенін айтып, 250 млн доллардың елімізге қалай қайтарылатынын түсіндірген. Ал 2017 жылдың тамызында БЖЗҚ төрағасы келіссөздер барысында аталған банкке салынған қаражат Әзербайжанның бағалы қағаздарына ауыстырылғанын хабарлаған.

Дереккөз: Baq.kz

17 қазан 2018, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.