Атырау, 23 желтоқсан 20:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Астанада қонақ үйден ҰҚК қызметкерінің денесі табылды

2 061 рет қаралды


Полиция оқиғаның мән-жайы туралы толық ақпарат берген жоқ. Мәйіт табылған қонақ үй басшылығы да ешқандай мәлімет бермеді. Астанада "Аланда" қонақ үйінен Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің денесі табылды.

Қазақстанның ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамның денесі 16 қазанда табылған. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері болмапты.

"Басқа ақпарат тергеуге зияны тимес үшін хабарланбайды", – деп мәлімет берді ведомство баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын бұл оқиға жайында Telegram арналарының бірінде жазылған еді. Ол хабарламада 25 жастағы қызметкердің аузын скотчпен орап тастағаны айтылған. Қаза тапқан ер адамның әйелі берген мәліметке сүйенсек, күйеуі дүйсенбі күні кешке үйінен кетіп, сейсенбі күні таңертең қонақ үйден өлі күйінде табылыпты.

"Аланда" қонақ үйі әдеттегі режимде жұмыс істеп тұр, басшылық БАҚ-қа қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.

Дереккөз: sputniknews.kz

16 қазан 2018, 20:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.