Атырау, 23 желтоқсан 20:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Ақтауда әйел 9 жастағы ұлын өлтірді

2 644 рет қаралды


Әйелдің таныстарының айтуынша, ол баласын батареяға байлап, қылқындырып тастаған. Ақтауда әйел адам тоғыз жастағы баласын өлтірді, деп хабарлайды lada.kz.

Басылым дереккөзге сілтеме жасап хабарлағандай, оқиға 14 қазанда 5-ші шағын аудандағы 3-үйде болған. Әйел адам тоғыз жасар ұлының қол-аяғын батареяға байлап, қылқындырып өлтірген. Ер бала №7 орта мектептің үшінші сыныбында оқиды екен.

"Күйеуімен айырылысып кеткен, бірақ әкесі баласымен жиі кездесіп тұратын. Соңғы екі айда өзін бір түрлі ұстап жүрді. Үнемі мектепке барып, ұрысысып қайтатын", — деп еске алады күдіктінің жақын таныстарының бірі.

Күдіктінің танысының сөзіне сүйенсек,  әйелді қылмыс орнында ұстапты. Ол айыбын толығымен мойындап, еш қарсылық көрсетпеген.

Төменгі сынып оқушыларының ата-аналарының айтуынша, №7 мектеп-лицейде мұндай хабар тараған жоқ. Мектеп директоры Гүлден Иманғалиеваның сөзіне жүгінсек, бүкіл қажетті мәлімет құқық қорғау органдарына берілген.

Дереккөз: sputniknews.kz

16 қазан 2018, 16:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.