Атырау, 29 наурыз 02:34
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі 400 мың доллар қымқырғаны үшін айыпталды

1 706 просмотра


Дипломат Қазақстан елшілігі ғимаратын салу кезінде атқарылған жұмыстар туралы жалған актілерге қол қойған.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы елшісі Ерік Өтембаевты аса ірі көлемде мемлекеттік бюджет қаражатын қымқырғаны үшін айыптады.

"Дипломат жауапты мемлекеттік қызмет атқарып жүріп, Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы елшілігінің әкімшілік ғимаратын салу кезінде жүргізілген жұмыстар туралы жалған актілерге қол қойды деген күдікке ілінді. Оның заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген шығын көлемі 140 миллион теңгеден (379 733 доллар — Sputnik) асты", — деп хабарлайды мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің ресми өкілі Жанна Бастарова.

Сыртқы істер министрлігі де бұл ақпаратты растап, ведомство осы іс бойынша ресми хабарлама дайындап жатқанын мәлімдеді.

Атап өтсек, Ерік Өтембаев 2016 жылы сәуірде Қазақстанның төтенше әрі өкілетті елшісі болып тағайындалған.

Дереккөз: sputniknews.kz

16 қазан 2018, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.