Атырау, 25 сәуір 08:33
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​"7-20-25" бағдарламасының сәтті болуы қазақстандықтардың төлем қабілетіне байланысты - Ақышев

1 135 просмотра


Әлеуметтік бағытына қарамастан, "7-20-25" бағдарламасы ипотека болып табылады және бұл кредитті төлеу үшін ресми расталған кіріс болуы керек. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бағдарлама азаматтарымыздың масылдығын құрмауға тиіс. Бағдарлама мөлшерлемесі төмен және кредиттеу мерзімі ұзақ, әлеуметтік бағыттағы бағдарлама болып табылады, бірақ ол ипотека болып қала береді. Бұл кредитті төлеу үшін ресми расталған кіріс болу керек дегенді білдіреді", - деді Ақышев үкімет отырысында. 

Ол құны 10 миллион теңге болатын пәтерді сатып алу үшін 2 миллион теңге мөлшерінде бастапқы жарна қажет екенін түсіндірді. 

"Ай сайынғы төлем 57 мың теңге болады. Тиісінше, банктің мақұлдауын алу үшін азаматтың ай сайынғы кірісі шамамен 120 мың теңге болуы керек. Себебі кредит бойынша борыш көлемі кірістің жартысынан аспауға тиіс деген ереже бар. Халықтың төлем жасауға қабілетті болуы бағдарламаны сәтті іске асыру факторларының бірі болып табылады және оны одан әрі ынталандыру үшін үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен шаралары қажет", - деді Ақышев.

Дереккөз: tengrinews.kz

16 қазан 2018, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.