Атырау, 22 желтоқсан 12:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Түркия азаматы жазадан құтылды

1 651 рет қаралды


Сот Алматыда жедел жәрдем машинасының жүргізушісі Николай Кучманы соққыға жыққан Түркия азаматы Али Демирді қылмыстық жауапкершіліктен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматы аудандық сотында отырыс өтті.  Али Демирдың адвокаты Николай Кучманың арызын оқып берді, онда ол Али Демирді татуласуға байланысты босатуды сұраған.  

Еске салайық, мұның алдында Николай Кучманың Али Демирді кешіргені хабарланған еді. Сондай-ақ, жәбірленуші соттан істі өз қатысуынсыз өткізуді өтінген.

Дереккөз: tengrinews.kz

16 қазан 2018, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.