Атырау, 27 сәуір 02:50
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​Игерілмеген қаржы Парламентке жетпей қайтарылады - Сағынтаев

1 055 просмотра


Мемлекеттік органдардың уақытында игерілмеген бюджет қаржысы Парламентке жетпей қолданыстан шығарылатын болады. Бұл туралы премьер-министр Бақытжан Сағынтаев үкімет отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kzтілшісі. 

"Игерілмеген біраз сома Мәдениет және спорт министрлігінде, Қорғаныс министрлігінде, Ұлттық қауіпсіздік комитетінде және Ұлттық экономика министрлігінде бар", - деп хабарлады қаржы министрі Әлихан Смаилов. 

Оның айтуынша, бюджет шығыны 7,92 триллион теңгеге немесе 99,2 пайызға жеткен. 

"Игерушілік жақсарды, атқарылмағаны 53,6 милиард теңге. Үнемдеуді есепке алмағанда - 6,5 миллиард, игерілмегені - 47,1 миллиард теңге. Бұл биылғы 8 айдағы көрсеткіштен 33 миллиард теңгеге жоғары", - деп хабарлады Смаилов.  

Сағынтаев үкіметті барлық күшті мобилизациялауға шақырды. 

"Біз қазір бюджетті нақтылаймыз, ертең Парламентте қаралатын болады. Қаржы министрінің мәлімдеуінше, сіздердің барлықтарыңызға игерілмеген қаражат жөнінде еркерту жасалған. Олар алып тасталады, өзгерістер қарастырылып, бюджет нақтыланады. 9 айдың қорытындысы бойынша қандай әкімдіктер игермеді, олардың қаржысы алып тасталынады. Бұл қаражат белсенді игеретіндерге, өзге бастамаларға беріледі. Жыл соңына дейін үш ай бар, әр айдың қорытындысы бойынша игерілмеген қаржы алынып отырады. Мұны Парламентке жетпей шешеміз және игере алатын, сұрап отырған жерлерге береміз", - деп ескертті премьер-министр. 

Дереккөз: tengrinews.kz

16 қазан 2018, 11:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.