Атырау, 26 сәуір 01:33
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Храпуновтар ісі. Қазақстан Калифорния Аймақтық сотының шешімімен келіспейді

1 425 просмотра


Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының Храпуновтар мен олардың сыбайластарына қарсы талап-шағымынан бас тарту туралы Калифорния Аймақтық сотының шешімімен келіспейді. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Бұл ретте, Виктор Храпуновтың Алматы қаласының әкімі болған кезінде лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, отбасы мүшелерімен бірлесіп Алматыдан жеті жүз миллион АҚШ долларын ұрлау, бұл ақшаны АҚШ-та және басқа да елдерде жылыстату фактілері жоққа шығарылмайтыны маңызды" - делінген хабарламада.

Калифорнияның Аймақтық сотының шешімі процедуралық негізде ғана қабалданған. Істі қараған судья оны АҚШ аумағында одан әрі қарау үшін АҚШ-та залал келтіру элементі болуы қажет деп санайды.

Храпуновтар мен олардың сыбайластары капиталды АҚШ-қа шығару бойынша қаржылық схемалар құрған, түрлі бизнес пен жылжымайтын мүлікке «инвестиция салу» процесін жүргізген.

"Сот процесі нәтижесінде жауапкерлер жаңа сот ауыртпалықтарынан қауіптеніп, қаражаттарын АҚШ-тан дереу шығарып, жобаларын төмен бағаға сатып, оларды тездетіп жаба бастаған. Ильяс Храпуновтың бизнес серіктесі, АҚШ-тағы құрылыс салушы Джозеф Четритпен арасында жанжал туындайды. Бұл жаңа сот процесіне негіз болған" - деп көрсетілген хабарламада.

Айталық, Калифорния штатындағы Храпуновтар мен олармен байланысты тұлғаларға қарсы процес нәтижесінде жауапкерлердің кәсіпорындары бойынша салықтық және корпоративтік құжаттарды алуға қол жеткізілді. Қаржылық схемалар, корпоративтік құрылымдар, сондай-ақ жауапкерлер пайдаланған жалған адамдар туралы ақпарат мәлім болды. Аталған ақпарат Храпунов пен Әбілязовке қарсы, соның ішінде Нью-Йорк штатында жаңа сот процестерін бастауға негіз болды.

Қазақстан Республикасы Калифорниядағы сот шешіміне шағым жасамақшы. Жазаның бұлтартпастығы қағидаты бойынша жұмыс жалғасын таппақ. Қазақстан Республикасы сот төрелігін орнату үшін елімізде және шет елдерде барлық құқықтық тетіктерді пайдаланатын болады.

Дереккөз: Baq.kz

16 қазан 2018, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.