Атырауға «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасының басқарма төрағасы Абылай МЫРЗАХМЕТОВ (суретте) келді. Ол облыс басшылығымен кездесіп, баспасөз конференциясын өткізді.
ТАҒЫ БІР РЕЙТИНГ
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢтаяудағы «Атамекенге» жаппай кіру жөніндегі үндеуін отандық бизнесмендердің бәрі бірдей қабылдай қойған жоқ. Оның бір себебі – міндетті мүшелік жарна. Мырзахметов негізгі ауыртпалықтардың ірі (жылына $30-50 мың) және орташа компанияларға жүктелетіндігін түсіндірді, ал, бұл қаржылар сол жердегі палаталардың филиалдарын ұстауға және шағын бизнесті қолдауға жұмсалмақ:
- Бүгінгі таңда Қазақстанда 800 мың шағын бизнес субъектілері бар. Мақсат - экономикалық палатаға міндетті мүшелік және жарналар төлеу арқылы әрбір аймақта филиал ашып, кәсіпкерлерге көмектесу.
Н.Назарбаевтың ұсынысы бойынша, «Атамекеннің» қызметінің тағы бір саласы Қазақстанда тәуелсіз іскерлік климатының рейтингісін енгізу. Бұл яғни, облыстар мен қалалардағы әкімдіктерде бұрыннан бар рейтингтер секілді 20 тармақ бойынша бағаланатын болады және аймақтарда шағын және орта бизнестің дамуына күш салады.
Батыс Қазақстан облысының (Мырзахметов Атырауға келгенге дейін Орал мен Ақтөбеде болды) кәсіпкерлерімен болған кездесудегі аталған негізгі проблемалар арасында мұнай-газ жобаларындағы қазақстандық үлестің мардымсыз екендігі айтылды. Мырзахметовтің айтуынша, оның себебі, үкімет қаулысының және келісім-шарттардағы тармақтарда көрсетілгендігіне қарамастан заң жүзінде бұл мәселенің әлі күнге еш реттелмей отырғандығында екен:
- Нақты реттеп отыратын құжат жоқ және бастысы қазақстандық үлес жөніндегі міндеттемелерді орындамаған компанияларға қарсы санкция жоқ. Екіншіден – бұл осы мәселеге қатысты орталық және аймақтық билік арасындағы нашар үйлесімділіктің салдарынан. Әкімдердің барлығы бірдей Мұнай және газ, басқа да министрліктерге дейін мәселе қоюға тырысады, бірақ оларының бәрі нәтижесіз, алайда, келісім-шарттардың барлығы осы Мұнай және газ министрлігінде жасалмай ма? Астанада негізгі тіректердің көп екендігі түсінікті, ал, жергілікті деңгейде әкімдіктер әлеуметтік мәселелерге қатысты инвесторлармен көбірек араласады.
ҰЙЫМНАН ҰТАРЫМЫЗ БАР МА?
Мырзахметов қазақстандық өндірушілердің халықаралық стандарттарға сәйкес келмейтіндігі жөніндегі даулы мәселені инвесторлармен келіссөз үстелінде шешу керек деп есептейді:
- Иә, қазақстандық компаниялардың бүгінгі таңдағы деңгейі әлемдік стандарттарға сәйкес келмейді, бірақ, бұл жағдайды түзетуге мүмкіндік пен ниет бар. Не болғанда да бір нәрседен бастау керек. Шетелдік компаниялар жергілікті БАҚ арқылы шамасы келетін орындаушыларға тиісті талаптарымен қоса, тапсырыстары жөнінде хабарландырулар жарияласын. Алайда, шетелдік фирмалар неге екені белгісіз жариялаудан қашқақтайды. Тағы бір проблема, айтпақшы, Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына болашақта кіруіне байланысты туындауы мүмкін: сол кезде қазақстандық үлес деген түсінік жойылады және шетелдік компаниялар кімді қаласа соны тартатын болады.
Жақында Сауда және экономикалық даму министрлігінде «Атамекен» өкілдерінің қатысуымен мәжіліс болды, онда бизнесмендерді біздің БСҰ-на қандай талаптар бойынша кіретіндігіміз қызықтырды. Оларды импорттық тауарлармен арадағы қатаң бәсекелестік жағдайындағы өмір сүру проблемасы алаңдатып отыр.
- Біз мәжілісте БСҰ-на кіру жөніндегі келіссөздер барысында 2003-2006 жылдары бизнес-ассоциация жүргізген сауалнаманың қолданылғандығын білген кезде таң-тамаша қалдық. Министрлік ақпаратты салыстыру үшін мерзім сұрап алды. Және ол екі түрлі болса келіссөздерді тоқтатады.
Бизнесмендерді келіссөздердің тағдырын және басқа да «Атамекеннің» қызметіне қатысты жаңалықтарды http://atamekenunion.kz сайтынан танысуға шақырды.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА