Атырау, 28 қараша 20:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

"Тұздың" келешегі зор

4 637 просмотра

Атырау облысында «Бизнестің жол картасы» бойынша барлығы 60 келісім-шарт жасалды. Алайда, бұл басқа аймақтарға қарағанда айтарлықтай аз. Және бұл «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқармасының төрайымы Ләззат ИБРАГИМОВАНЫҢ келуіне себеп болды.

ЖОҒАРЫ ЖАЛАҚЫНЫҢ ЖӨНІ БӨЛЕК

Дегенмен, Л.Ибрагимова кейбір нақты жағдайларды түсінеді:

- Қазіргі несиелеу бойынша көш басында келе жатқан Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе облыстарында бастапқыда жеке кәсіпкерлер барынша көп болды. Мәселен, ОҚО-да халықтың тығыздығы жоғары, ал, Павлодар, Қарағандыда индустриалды жобалар көп, өйткені, оларда жергілікті өнеркәсіп аясында өндірістік алаңдар дамыған. Біздің аймақтың өзгешелігі, ірі мұнай газ секторының болуымен ерекшеленеді және атыраулықтарды жоғары еңбекақы төлейтін мұнай компаниялары барынша қызықтырады.

 

БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Егер уездік N қаласының тұрғындары үшін дүниеге келіп, шаштарын қидыру және өмірмен қоштасуда шаштараз бен жерлеу бюросы көп қажет болса, онда Атырауда адамдар алдымен қонақ үйден нөмір алып, кейін тіс дәрігеріне бару үшін дүние есігін ашады. Ал, басқа аймақтарда жобалар қолға алынып жатқанда бізде «Даму» қорының мәліметтеріне сәйкес, транспорттық қызмет, қонақ үй сервисі және стоматологиялық кабинеттер басым. Айталық, Маңғыстауда «жол картасы» бойынша 60 млн доллар тыңайтқыш өндірумен айналысатын «ҚазАзот» АҚ-мын жаңғыртуға бөлінді. Оған тек Өзбекстандағы («НавоиАзот» зауыты) зауыт қана бәсекелес бола алады. Ал, жаңғыртудан кейін қазақстандық тыңайтқыш өндірісі Орталық Азиядағы ең қуатты өндіріс орны болмақ. Оңтүстік Қазақстанда 7 млн теңге бірінші болып әрбір қауынды салуға арналған арнайы қорапты ойлап тапқан кәсіпкерге бөлінді. Оның бизнесінің сызбасы қарапайым ғана – Қазақстаннан Мәскеуге бақша өнімдерін көтеріп сату. Алайда, оның арнайы қорабының арқасында оның тауары жететін нүктесіне дейін жақсы сақталып жеткізіледі, шығыны аз, пайдасы мол. Іс жүзінде кәсіпкер өзінің тапқырлығының арқасында пайдалы бизнесті жоқтан жасап отыр деуге болады. «Бизнестің жол картасының» жекеленген бағыты - шикізат емес сектор өнімдерінің экспортерлеріне қолдау таныту. Қарағандыда ондай 16, Қостанайда – 18, Солтүстік Қазақстан облысында – 17, Шығыс Қазақстан облысында – 20 компания бар. Атырау Қызылорда облысы мен Астана секілді бірде-бір экспортерімен мақтана алмайды. «Даму» мамандарының пікірінше, бұл біздің аймақтың бизнесмендері үшін онымен айналысу қажеттілігі керек деген ескерту болмақ.

 

СОНДАЙ-АҚ, КИІМ САЛАСЫНДА...

Атыраулық кәсіпкерлерді қорғай сөйлеген «Даму» қорының жергілікті басшысы Ербол ҚАЙРАНБАЕВ бізде бірнеше өте жақсы өндіріс орындары бар екенін атап өтті. Мәселен, «Эртри» ЖШС аймақтағы көптеген кәсіпорындар үшін, оның ішінде шетелдік фирмалар үшін арнаулы аяқ киім мен киімдер шығарады. Қызылқоға ауданындағы «Жасқайрат» ЖШС май шығарады; Индер ауданында тұз шығаратын «Тұз» ЖШС көп жылдардан бері жұмыс істеп келеді. Қымбат тұратын құрал - жабдықты сатып алу үшін «бизнестің жол картасы» бойынша 1 млн-нан аса доллар алған «Тұз» осы күзден бастап бүгінгі күні біз Ресейден сатып алып отырған гипохлорид натрийді өндіруді бастайды. Бір сөзбен айтқанда, мүмкіндік бар, оны қолдана білу керек. Оның үстіне, БЖК жаңа бағдарламалар пайда болуда. Айталық, бизнеспен айналысқандарына бір жылдан аспаған және бірде-бір рет несие алмаған кәсіпкерлер үшін «Экспресс кепілдік» тағайындалған: заем алушы несиенің 30% банкке кепіл ретінде ұсынады, ал, «Дамудың» ұсынған сомасының қалған бөлігіне өз кепілдігін ұсынады. Тапсырыс қорда 5 жұмыс күні ішіндегі мерзімде қаралады.

– Бизнестің жол картасы бағдарламасын қолданушы кәсіпкерлердің саны өсетін болады, - дейді сеніммен Е.Қайранбаев. - Бізде адамдар көбіне бейресми үгітке, яғни, таныстары мен достарының тәжірибесіне сенім артады. Дегенмен, біздегі 60 жобаның өзі де көңілді көншітеді, өйткені, 2010 жылы олардың саны небәрі төртеу болған.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

8 тамыз 2012, 21:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.