Атырау, 16 қазан 06:59
Таңертең бұлыңғыр болады+10, күндіз +11
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 369.98  € 428.70  P 5.64

​Банктерге БЖЗҚ-дан 300 миллиард теңге беріледі - Қаржы министрі

11 қазан 12:14


Қазақстан Президенті биылғы Жолдауында екінші деңгейлі банктерге қолдау көрсету үшін 600 миллиард теңге бөлуді тапсырған болатын. Ол қаражаттың жартысы БЖЗҚ қорынан бөлінетін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бұл мәселені Ұлттық банкке тапсырған дұрыс болар. Ұлттық банк бұл қаражаттың жартысын БЖЗҚ қорынан бөлмекші, ал жартысын банктің өзі аударады. Ол қаражат екінші деңгейлі банктерге қайтарылма негізде коммерциялық және нарықтық мөлшерлемемен беріледі. Мемлекет басшысы айтып өткендей, бөлінген қаражат экономикадағы басымдығы зор жобаларға түседі. Қазір біз сол қаражатты жұмсау механизмін дайындауымыз қажет", - деді қаржы министрі Әлихан Смайылов. 

Министрдің айтуынша, зейнетақы қорындағы жинақ инвестицияланып, табыс әкелуі тиіс. 

"Сол себепті қордағы қаражатты инвестициялау керек. Бұл жағдайда өзіміздің экономикамызға нарықтық мөлшерлемемен инвестициялау керек. Бұл қалыпты жағдай. Әлемнің бүкіл елінде осындай жүйе - қаражат экономикаға нарықтық мөлшерлеме бойынша құйылады да, соның нәтижесінде жинақ мөлшері артады. (...), - деді министр Смайылов.

"Бұл экспорттық әлеуетімізді жүзеге асыру тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ ішкі нарықты отандық тауарлармен толтыру үшін де маңызды. Үкіметке өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты қолдау мақсатымен алдағы 3 жылда қосымша 500 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Басымдығы бар жобаларға қолжетімді несие беру міндетін шешу үшін Ұлттық банкке кемінде 600 миллиард теңге көлемінде ұзақ мерзімге қаржы бөлуді тапсырамын", - деген еді осыған дейін Назарбаев.

Дереккөз: tengrinews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

95 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

1 2 3 4 5 6