Атырау, 14 қаңтар 21:46
 қар жаууы ықтималВ Атырау -4
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Ақтауда әскери қызметкер өз-өзіне қол жұмсады

2 136 рет қаралды


Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалды Алдын ала деректер бойынша марқұмның өз-өзіне қол жұмсауына әскери қызметі себеп болмаған. Ақтау қаласындағы әскери бөлімдердің бірінде келісімшарт бойынша жұмыс істейтін әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсады.

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қылмыстық іс қозғалды. 

Оқиға болған жерде ҚР Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу басқармасы, әскери прокуратура және әскери полиция қызметкерлерінен құралған жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Өз-өзіне қол салудың мән-жайы анықталуда. 

"Алдын ала деректер бойынша өз-өзіне қол жұмсау себептері әскери қызмет өткерумен байланысты емес. Қосымша ақпарат тергеп-тексеру шаралары аяқталған соң белгілі болады", — деп жазылған хабарламада. 

Дереккөз: sputniknews.kz

11 қазан 2018, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.