Атырау, 23 желтоқсан 19:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​​Анатолий Шкарупа энергетика вице-министрі болып тағайындалды

1 878 рет қаралды


Анатолий Шкарупа энергетика вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап. 

"ҚР Үкіметінің қаулысымен Анатолий Валерьевич Шкарупа ҚР энергетика вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұған дейін аталған қызметті атқарған Б. Жақсалиев лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада. 

Анатолий Шкарупа 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1998 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын "отын-энергетика кешені саласындағы экономика және менеджмент, инженер-экономист" мамандығы бойынша, 2016 жылы "Қазақ гуманитарлық-заң университетінің" "құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 1998 жылы "KEGOK" ААҚ-да жетекші маман болып бастады, онда 2005 жылға дейін бөлім басшысы, Жоспарлау және экономикалық талдау департаменті директорының орынбасары қызметтерінде еңбек етті. 

2005-2013 жылдары Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі ҚР агенттігі құрылымында жұмыс істеді. Электр және жылу энергетикасы саласында реттеу департаменті директоры, Агенттік төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.   

2013–2104 жылдары - "ТКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" АҚ басқарма төрағасы. 

2015-2017 жылдары - Қарағанды облысы Саран қаласының әкімі. 2017 жылғы мамырдан бастап қазіргі таңға дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.

Дереккөз: tengrinews.kz

9 қазан 2018, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.