Атырау, 23 желтоқсан 19:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Ұйықтап қалған клиент Ақтауда барды тонап кеткен

1 284 рет қаралды


Ақтауда өзгеше тәсілмен барды тонап кеткен жігіт іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ИнАктау" сайтына сілтеме жасап. 

Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, 30 қыркүйекте жігіт қаладағы барлардың біріне мас күйде келген. Кейін сол жерде ұйықтап қалған. 

Ал бар қызметкерлері клиентті байқамай, үйлеріне қайтып кеткен.  Таңертең оянғанда, ер адам мекемеде жалғыз екенін түсініп, жағдайды пайдалануды шешкен. Ол темекі, алкоголь және он мың теңгені алып, "қонақжай мекемеден" шығып кеткен. 

Дереккөз: tengrinews.kz

9 қазан 2018, 09:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.