Атырау, 23 желтоқсан 19:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Виктор Храпунов 17 жылға сотталды

1 661 рет қаралды


Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновқа 17 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Виктор Храпунов жасаған қылмыстары үшін кінәлі деп танылып, оған мүлкін тәркілеумен бірге максималды қауіпсіздігі бар қылмыстық-атқару жүйесінде 17 жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген. Сондай-ақ, ол Ұлттық банк, қаржы мекемелері, мемлекеттік ұйымдар мен басқа да мекемелерде қызмет атқару құқығынан айырылды», - деді сот үкімін оқыған судья. 

Сонымен қатар, В.Храпунов барлық марапаттары мен ордендерінен айырылды. Алматы қаласы экс-әкімінің зайыбы Лейла Храпунова 14 жылға бас бостандығынан айырылды, ал күйеу баласы Айяр Ілиясов 5 жылға сотталды. Қазақстаннан 2017 жылы кеткен айыпталушыларға қатысты соңғы сот процесі сырттай өтті. Храпуновтар ісі бойынша 200-ден астам куәгер болған, іс материалдары 400 томнан құралған. 

Сот қарауындағы бас фигуранттардан басқа, бұл іс бойынша ерлі-зайыптылармен бірге жұмыс істеген тағы 9 адам өтті. 

Еске сала кетейік, ерлі-зайыпты Храпуновтар мемлекеттік мүлікті ұрлау, алаяқтық жасау, қызметтік өкілдіктерін асыра пайдалану, пара алу және ұрлаған мүлікті заңдастыру бойынша айыпталып отыр. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 250 миллион доллардан асқан. Таяуда сот отырысы кезінде прокурор қылмыскерлерге 20 жыл жаза тағайындауды сұраған болатын. 

Дереккөз: inform.kz

8 қазан 2018, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.