Атырау, 23 желтоқсан 19:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Самал Еслямова Анталиядағы кинофестивальде үздік актриса атанды

1 795 рет қаралды


Қазақстандық Самал Еслямова 55-ші Анталия Халықаралық кинофестивалінің үздік актрисасы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Анадола" агенттігіне сілтеме жасап.

Британдық кинорежиссер Майк Дауни басқаратын фестивальге биыл он фильм ұсынылды, оның ішінде түрік кинематографистерінің екі туындысы болды. "Үздік актриса" номинациясында "Айка" фильмінде ойнаған Самал Еслямова жеңіске жетті. "Үздік актер" сыйлығына "Капернаум" фильмінде рөл сомдаған Зеин әл-Рафеа ие болды. 

"Үздік фильм" номинациясында Иран режиссері Джафар Панахи және оның "Үш келбет / Three Faces" фильмі жеңіске жетті. Сыйлықты режиссердің орнына қызы алды, себебі ол үй қамауында отыр. Биыл фестивальге ұсынылған фильмдерді 34 мыңнан астам көрермен тамашалады.

Еске сала кетейік, биыл мамырда 71-ші Канн кинофестивалінде Самал Еслямова үздік актриса атынды.  "Айка" әлеуметтік драмасы Қырғызстаннан келген қыз жайында, ол Мәскеуде босанып, баласын перзентханада тастауға мәжбүр болады, картинада сол қыздың аналық сезімі мен қайғы-мұңы суреттеледі. Фильм бес компанияның қолдауымен түсірілген: "Кинодвор" атты Сергей Дворцевойдың студиясы, сонымен қатар, Германияның, Польшаның, Қытайдың, Қазақстанның компаниялары. Самал Еслямова Канн кинофестивалі, гонорары және жоспары жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

Дереккөз: tengrinews.kz

6 қазан 2018, 16:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.