Атырау, 5 мамыр 07:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

​Хакерлер "Е-нотариат" пен "Техосмотр" жүйесіне шабуыл жасады

1 758 просмотра


"Е-нотариат" пен "Техосмотр" жүйесіне хакерлік шабуыл жасалды, соның салдарынан провайдерлер бұғатталды. Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҰАТ" АҚ сайтында "Е-нотариат" пен "Техосмотр" ақпараттық жүйелері уақытша жұмыс істемейтіні туралы хабарлады.  "Көптеген DDoS-шабуылдарға байланысты "Қазақтелеком" АҚ провайдері бұғатталып, жүйе уақытша жұмыс істемейді. Қазіргі уақытта провайдермен күшетілген жұмыстар жүріп жатыр", - делінген хабарламада. 

"Е-нотариат" - Қазақстан ақпараттық технологиялар нарығындағы ірі компания. Компания 2000 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі сәуірдің  4-і бекіткен "Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістіктің дамыту туралы" № 492 Қаулыға сәйкес құрылған. 2008-ші жылдан бері "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады. 

"Техосмотр" - техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі барлық техникалаық байқаудан өту фактілері туралы ақпараттарды орталықтандырылған, сенімді және уақытылы жүргізу үшін, жол-көлік апаттарының болу себептерін ықшамдау және Қазақстандағы барлық техникалық байқау орталықтарын біріктіру үшін құрылған.

Дереккөз: tengrinews.kz

5 қазан 2018, 16:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.