Атырау, 11 қараша 08:58
 дождьВ Атырау +3.4
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41

​Назарбаев ІІМ басшысы жайлы: "Қасымовты парасатты адам деп санаймын"

1 858 рет қаралды


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты еліміздегі ең тәжірибелі полицей санайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мен генерал Қасымовты еліміздегі ең тәжірибелі полицей әрі парасатты, адал адам деп санаймын. Ол полицейлермен қалай жұмыс істеу керектігін өзі айтады. Бағдарламаларыңыз бар ғой, иә?", - деді Президент министрге. 

Қасымов өз кезегінде реформалардың дайындалып жатқанын айтты. 

"Ішкі істер органдарының жұмысын жаңғырту бойынша жол картасын қабылдау керек. Ол жоба 2019 жылдан бастап жүзеге асырылуы тиіс", - деп тапсырма берді Назарбаев.

Дереккөз: tengrinews.kz

5 қазан 2018, 11:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.