Атырау, 23 желтоқсан 18:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

"Шөп шықпаса да бәрібір ". Назарбаев сапасыз мамандардың көбейіп кеткеніне ашуланды

2 060 рет қаралды


Елбасы Қазақстанда 130 жоғарғы оқу орны артық екенін айтып өтті. Сондай-ақ, ол ешуақытта азаматтардың ЖОО-да оқуларына қарсы болмайтынын жеткізді. Ешкімге қажеті жоқ адамдарды оқытып, оларға диплом таратудың не керегі бар?! Жоғарғы оқу орындарында жемқорлық кеңінен етек жайып отыр. Бұл туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жолдау жасау кезінде айты, деп хабарлайды  тілшісі. 

Елбасы Қазақстандағы сапасыз ЖОО-ларды азайтып, керісінше шетелдік оқу орындарымен серіктестікті нығайтуды ұсынды.  

"Жоғарғы оқу орындарын ірілендіруге қатысты шаралар жүргізу қажет. Бізде 130 артық университет бар. Олардың саны бастапқыда 200-ге жеткен, шетінен бәрі аша берген. Мен ЖОО-ларға қарсы емеспін. Қалаған адамдардың барлығы білім алсын. Бірақ, ешкімге қажеті жоқ адамдарды оқытып, диплом таратудың не керегі бар?! Ол жақта жемқорлық етек жайып келеді. Құжаттар оңды-солды беріледі. Әрі қарай жерге шөп шықпаса да бәрібір ", — деп ашуланды Елбасы. 

Әрі қарай президент Қазақстанда халықаралық деңгейдегі тағы да бір университет құруды ұсынды. Сондай-ақ, ол бар мәселені қаржы жетіспеушілігіне бұра бермеуді сұрады. 

"Нарықта жоғары білім сапасын қамти алатын ЖОО-лар ғана қалуы тиіс. Әлемнің ірі университтерімен серіктестікті арттыру қажет. Назарбаев университетінен үлгі алу қажет. Әрине, ол жақта ақша көп деп сын айтулары мүмкін. Бізде осы секілді университтер бар. Мысалы, ҚазҰУ жақсы нәтиже беріп, жұртты қызықтырып отыр. Инфрақұрылым мүмкіндіктерін ескере отырып, Назарбаев университетіне ұқсайтын тағы да бір ЖОО құруды ұсынамын ", — деді ол.

Дереккөз: sputniknews.kz

5 қазан 2018, 11:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.