Атырау, 23 желтоқсан 18:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Назарбаев ҰҚК өкілдеріне жемқор шенеуніктерді ұстауды тапсырды

1 607 рет қаралды


Қазақстандық банктерге 600 миллиард теңге бөлінеді Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдеріне жемқор шенеуніктерді ұстауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бүгінде басшылар құжатқа қол қоюға қорқады. Ертең біреулер келіп, желкесінен алады. Мұнымен қоса "Саған әлі көрсетемін!" деп қорқытатындар да бар. Осы ретте ҰҚК өкілдеріне осындай шенеуніктерді ұстап, оларға қатысты бірден қылмыстық іс қозғауды тапсырамын. Оларға мұндайға кім рұқсат берді?" - деді Назарбаев. 

Мұның алдында Президент ең төменгі жалақыны өсіруді тапсырған болатын. 

"Үкіметтегілерге 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап минималды жалақыны бір жарым есеге - 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін өсіруді тапсырамын. (...)", - деген еді Назарбаев.

Еске сала кетейік, кеше, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын жариялайтыны хабарланған еді. 

"Биыл 5 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев Ақорда резиденциясында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын жариялайды", - делінген еді хабарламада.

Дереккөз: tengrinews.kz

5 қазан 2018, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.