Атырау, 14 қаңтар 20:03
 қар жаууы ықтималВ Атырау -4
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

​Медицина қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі - Президент

1 798 рет қаралды


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауында медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«2019 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын 20 процентке көтеруді тапсырамын. Осы мақсатта келесі жылы бюджеттен 5 млрд теңге бөлінеді», - деді Н.Назарбаев.

Айта кетейік, учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысы біртіндеп көтерілетін болады. Әрбір маманның жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу қабілетіне баса назар аударылмақ. 

Сондай-ақ Президент жергілікті жердегі медициналық-санитарлық көмекті күшейту қажеттігін атап өтті. Бұдан бөлек, Елбасы биылғы Жолдауында 2019 жылы «Педагогтардың мәртебесі» туралы Заң қабылданатынын айтты.

Дереккөз: inform.kz

5 қазан 2018, 11:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.