Атырау, 23 желтоқсан 18:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​"Жексенбіде таңертең оянып жүргендеріңіз үшін рақмет!" - Головкин қазақстандықтарға алғыс айтты

1 426 рет қаралды


Геннадий Головкин жекпе-жек кезінде оған қолдау көрсетіп жүрген барлық қазақстандыққа алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматыда Technodom компаниясының баспасөз мәслихаты барысында. 

"Жексенбіде таңертең оянып жүргендеріңіз үшін барлығыңызға алғыс айтамын. Бұл мен үшін және бүкіл Қазақстан үшін өте маңызды, себебі біз осы арқылы шетелде өзіміздің кім екенімізді көрсетеміз!", - деді Геннадий Головкин. 

Сондай-ақ, ол қазақстандық жас спортшыларға қолдау көрсететіні жайлы айтып өтті. 

"Бокс ол спорттың өте қауіпті түрі, бір соққының өзі өміріңді өзгертіп жіберуі мүмкін. Спортшылар кәсіпқой бокстың денсаулыққа өте зиян екенін түсінуі қажет. Меніңше, біз спортшыларды тауып, оларға дамуға көмектесеміз", - деді Головкин.

Айта кетейік, GGG қазіргі уақытта Қазақстанда жүр. Мұның алдында ол Астанадағы хоккей матчін тамашалаған болатын. Ал бүгін Алматыда "Технодоммен" бірге баспасөз мәслихатын өткізіп жатыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

5 қазан 2018, 10:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.