Атырау, 23 желтоқсан 18:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Астанада ер адам менингококк инфекциясымен ауруханаға түсті

1 899 рет қаралды


Астанада ер адам менингококк инфекциясымен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Астана қаласы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов науқастың қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына 1 қазанда түскенін хабарлады. 

"Науқас Жезқазғаннан келген. Ол - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен тумасы. 29 қыркүйекте өзін нашар сезінген. Басы ауырған, дене қызуы көтеріліп, басы айналған. 30 қыркүйекте құса бастаған. Кейін әріптесімен бірге Астанаға келген, достарының үйінде болған. Онда жағдайы одан әрі нашарлай түскен. Астана қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына ес-түссіз күйде түскен", - деді Байғабылов брифинг барысында. 

Ол қазір науқастың жағдайы жақсарғанын және есін жиғанын айтты. Байғабыловтың айтуынша, науқасқа менингококко инфекциясы деген диагноз қойылған. Астана қаласы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары науқаспен байланысқа түскен адамдардың барлығын тексеріп шықты.

"Науқас жұқпалы аурулар ауруханасында екі аптадай болады, жағдайы тұрақталған соң ғана ауруханадан шығарылады", - деді департамент басшысы.

Дереккөз: tengrinews.kz

4 қазан 2018, 15:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.