Атырау, 23 желтоқсан 18:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Алматыда екі қызды қағып кеткен «БМВ» жүргізушісі ұсталды

1 766 рет қаралды


Екі қызды қағып көшеде қалдырып кеткен «БМВ» жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 25 жастағы жүргізуші Ермек Нәсіл қазір қаладағы тергеу изоляторында жатыр. Полиция оны 2-қазанда ұстаған. Айта кету керек, жол апаты 26 қыркүйекте таңғы 08:40 шамасында Райымбек көшесінде болған. Жүргізуші көлігімен жолдан өтіп бара жатқан екі қызды қағып, оқиға орынан қашып кеткен. 

«Жол апатынан соң қайғылы оқиғаны көзімен көрген куәгерлер сұралды, жергілікті бақылау камералары тексерілді. Сол күні жақын жерде соғылған белгілері бар «BMW 525І» табылған. Соның арқасында көлік иесі анықталды. 25 жастағы жігіт Алматы облысының тұрғыны болып шықты», - деді қалалық ІІД жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімінің басшысы Ерік Насырбеков.

Ермек Нәсіл ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлімімен және ҚР ҚК 341-бабының 2-бөлімімен жауапқа тартылмақ.

Дереккөз: inform.kz

4 қазан 2018, 14:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.