Атырау, 23 желтоқсан 18:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Бейжің Олимпиадасы: Рыпакова он жылдан кейін күміс медаль иеленді

1 756 рет қаралды


Он жыл бүрын Бейжіңдегі Олимпиадада жеңіл атлет төртінші орын иеленген болатын. 2008 жылғы Бейжіңдегі Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық Ольга Рыпакова төртінші орыннан екінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Қазақстанның ұлттық олимпиадалық комитеті.

Он жыл бұрынғы Олимпиада қорытындысы бойынша Рыпакова үштік секіруден төртінші орын иеленген еді. Алайда кейінірек қола және күміс жүлдегер атанған атлеттер – грекиялық Хрисопия Деветци мен ресейлік Татьяна Лебедеваның допинг пайдаланғаны дәлелденіп, жарыстағы нәтижелері жойылды.

Сөйтіп, Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығы (IAAF) Рыпакованы Олимпиаданың күміс жүлдегері деп ресми түрде таныды. Лебедева мен Деветци дисквалификацияланған.

Дереккөз: sputniknews.kz

3 қазан 2018, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.