Атырау, 23 желтоқсан 17:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Терроризм бойынша күдікті Афинадан Астанаға жеткізілді

1 798 рет қаралды


Халықаралық іздеуде болған қарағандылық Астанаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"2 қазанда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Бас прокуратурасының қызметкерлері Қарағанды тумасы халықаралық іздеуде болған Дастан Хайсинді Грекияның Афина қаласынан Астанаға жеткізді", - деп хабарлады ҰҚК өкілдері. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ол 2015 жылдан бастап Сирия аумағында террористік әрекетке қатысқаны үшін халықаралық іздеуде болған. 

"Хайсинді құрықтау және кейіннен экстрадициялау  қазақстандық арнайы қызметтер мен прокуратура органдарының Қазақстан Республикасының Грекиядағы Елшілігінің қолдауымен грециялық серіктестермен жүргізілген жұмыстың нәтижесі", - делінген хабарламада. 

ҰҚК мәліметінше, Хайсин қамауға алынды. Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

2 қазан 2018, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.