Атырау, 18 мамыр 19:25
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Қант төңірегіндегі дүрлікпе: Әкімдіктерге қорды арттыру туралы кеңес берілді

1 874 просмотра


Ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер жергілікті билікке қант сатып алып қоюға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың арасында қант қатты қымбаттаған: қант - 17,6 пайызға, күріш - 11,3, қырыққабат - 8,6, күнбағыс майы 4,5 пайызға қымбаттады.

"ӘКК шотында (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация - Авт.) 5 миллиард теңге бар, қаржының басым бөлігі Астанаға, Түркістан, Қостанай және Жамбыл облыстарына тиесілі. Қанттың жеткіліксіздігіне байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі артық ақшасы бар өңірлерге 10 мың тоннаға дейін қант сатып алуға кеңес берді", - деді ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев үкімет отырысында. 

Евниевтің айтуынша, кейбір азық-түлік арзандаған. Қарақұмық жармасы орта есеппен 27,2 пайызға, картоп - 22,3, пияз 16 пайызға арзандаған. Евниевтің сөзіне қарағанда, тауарлардың қымбаттауы жанармайдың, электр қуаты мен газдың қымбаттауымен байланысты.

Дереккөз: tengrinews.kz

2 қазан 2018, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.