Атырау, 18 мамыр 21:42
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Ұлттық банк Қазақстанның сыртқы қарызы туралы мәліметтерді жариялады

1 856 просмотра


ҚР Ұлттық банкі 2018 жылғы 2-тоқсандағы Қазақстанның сыртқы қарызындағы өзгерістер туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанның сыртқы қарызы 164,4 млрд АҚШ доллары болды. Бұл көрсеткіш ІЖӨ-ге қатынасы 96,3%  болса, жыл басынан бастап 6,3%-ға жақсарған. 

«Сыртқы қарыздың құрылымына келсек,  63,0%-ы фирмааралық берешек, 26,1% кредиторларға қатыссыз «басқа секторлардың» сыртқы қарызы, 7,2% - мемлекеттік сыртқы борышы (Үкімет пен Ұлттық Банк), 3,7% - «банктер» секторының сыртқы міндеттемелері (ЕДБ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ) болып отыр», - делінген хабарламада. 

2018 жылғы 2-тоқсанда елдің сыртқы борышы 2,2 млрд АҚШ долларына қысқарды. Сыртқы қарыздың азаюына бірнеше фактор әсер еткен. 

«Төлем балансының операциялары есебінен (Қытайдың еншілес ұйымдарынан және қаржылық ұйымдар синдикаттарынан тартылған сыртқы қарыздарды өтеу, шетел инвесторларының Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталарына сұранысының азаюы) болды. Сонымен қатар операциялық емес өзгерістер (қазақстандық эмитенттердің борыштық бағалы қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі, теріс бағам айырмасы) есебінен сыртқы қарыз көлемі азайды», - делінген хабарламада. 

Сыртқы борыш құрылымында берешегі 26,5 млрд АҚШ доллары болған  мемлекет бақылайтын ұйымдардың сыртқы борышы (мемлекеттік сектор капиталына 50%-дан астам тікелей немесе жанама қатысатын банктер мен ұйымдар) ауқымды болып отыр. 2018 жылдың 2-тоқсанында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-тың «ҚМГ Қашаған Б.В.» қомпаниясында 50% үлесін сатып алу үшін 2015 жылы тартылған қарызын мерзімінен бұрын өтеуі есебінен сыртқы қарыз 0,6 млрд АҚШ долларына азайды. 

Сондай-ақ квазимемлекеттік эмитенттердің еурооблигацияларының нарықтық құнының төмендеуі де әсер етті. Қазақстанның таза сыртқы борышы 2018 жылғы 2-тоқсанда 0,5 млрд АҚШ долларына ұлғайып, 46,6 млрд АҚШ доллары болды.

Дереккөз: inform.kz

2 қазан 2018, 09:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.