Атырау, 18 мамыр 22:24
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Маңғыстауда сарбаз менингококк инфекциясымен ауруханаға түсті

1 590 просмотра


№6656 әскери бөлімшесінің 1997 жылы туылған сарбазы бүгін түнде ауруханаға ауыр халде жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Қазір ол  жұқпалы аурулар орталығының жансақтау бөлімінде жатыр. 

Бұл туралы облыстық аурухана басшылығы мәлімдеді. Сарбаз қазіргі таңда өкпенің жасанды желдеткіш құрылғысына қосылған. Дәрігерлердің айтуынша, науқас осыдан 3 күн бұрын әскери бөлімнің медициналық қызметіне жүгініпті. Ол өзін жайсыз сезінген. Дене қызуы 39 градусқа дейін көтеріліп, басы айналып, әлсіздік меңдеген. 

Соңғы 3 күнде асқа тәбеті болмай, терісі бөртіп кеткен.  Жағдайының нашарлауына байланысты сарбаз Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген. 

«Бас миына компьютерлік томография жүргізу барысында денесі құрысып, науқасты өкпенің жасанды желдеткіш құрылғысына қосып қойдық. Менингококк инфекциясын жұқтыруы мүмкін деген диагноз қойып отырмыз. Менингококцемия, менингоэнцефалит (ауыр түрі), команың 2-дәрежелі түрі. Бас миы ісіп тұр. Қазір оның жағдайы өте ауыр. Қолдан келген барлық шараларды жасап жатырмыз»,-дейді облыстық аурухананың директоры Болат Қаюпов.

Дереккөз: inform.kz

1 қазан 2018, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.