Атырау, 19 мамыр 17:40
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Қазақстандық Ыстамбұл әуежайында суицид жасады

1 935 просмотра


Қазақстандық ер адам Ыстамбұлда "Ататүрік" әуежайында қайтыс болды. Ақпаратты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіндегілер растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

СІМ өкілдерінің хабарлауынша, 27 қыркүйекте сағат 19.00-де Ыстамбұлдағы "Ататүрік" халықаралық әуежайында Қазақстанның 1981 жылы туған азаматы әкімшілік ғимараттың екінші қабатынан секіріп, суицид жасаған. "Ол 26 қыркүйекте Түркияға ұшып келіп, бір тәулік әуежайда қонған. Оқиға болған жерге келген түрік дәрігерлері оны құтқара алмады", - деп хабарлады министрліктегілер. 

Бастапқыда түрік БАҚ өкілдері "Ататүрік" әуежайында өзіне-өзі қол жұмсаған адам Қырғызстан азаматы болғанын хабарлаған еді. Алайда кейін Ыстамбұл полициясы оның қазақстандық екенін анықтады.

Дереккөз: tengrinews.kz

29 қыркүйек 2018, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.