Атырау, 19 мамыр 15:51
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Виктор Храпуновтың сыбайластары жазадан құтылуы мүмкін

1 584 просмотра


Алматыда экс-әкім Виктор Храпуновтың ісіне қатысты соттың жарыссөзі барысында прокурор 9 сотталушыға қатысты жаза белгілеуді сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Прокурор тергеумен мәмілеге келіп, айыбын мойындағаны үшін Яков Заяц пен басқа да 8 айыпталушыға қатысты өндірістік істі тоқтатуды сұрады. Оның айтуынша, айыптау мерзімінің уақыты өтіп кеткен. 

Яков Заяц ҚР ҚК 307-бабының 2-бөлімімен лауазымдық уәкілеттілігін асыра пайдаланды деп айыпталған болатын. Одан бөлек  Қуандық Бексұлтанов, Алтай Қасымов, Абай Сапаров, Серик Есмұханов, Айяр Ильясов, Айнакүл Садықбаева, Абдул-Ғазиз Мұқашев, Абылайхан Қарымсақов, Ғабиден Қайымсұлтановтар сот алдында жауап берген болатын. Бұл адамдардың барлығы кезінде Храпуновтар отбасымен іскерлік қатынаста болған. 

Мұның алдында мемлекеттік айыптаушы Виктор Храпуновты 20 жылға, оның жары Лейла Храпунованы 17 жылға, Айяр Ілиясовты 8 жылға  бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.  

Айта кету керек, ерлі-зайыпты Храпуновтарға мемлекет мүлкін тонады, алаяқтық жасады, қызметтік лауазымын асыра пайдаланды, пара алып, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айып тағылған болатын. Олардың мемлекетке келтірген шығыны 250 млн долларға бағаланды.

Дереккөз: inform.kz

28 қыркүйек 2018, 14:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.