Атырау, 14 қаңтар 16:27
 қар жаууы ықтималВ Атырау -4
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

​CҚО-да студент қыз қайтыс болды: Менингит жұқтырды деген күдік бар

2 183 рет қаралды


Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Солтүстік Қазақстан облысында студент қыздың өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"СҚО-да болған жағдай бойынша. 1999 жылғы студент қыз 6 қыркүйекте ауырып қалған болатын. Оған суық тиіп, ангина диагнозы қойылып, ем алып жүрді. Кейін оқуға Көкшетауға кетті. Қазір онда да тексеріс жүріп жатыр. Өкінішке қарай, қыз бүгін түнде қайтыс болды", - деді Бекшин Денсаулық сақтау министрлігінің брифингі барысында.

Оның айтуынша, қызда тек суық тиюдің белгілері болған. 

"Оған дейін қыз тұмауратып жүрді, ем қабылдады. Қазір сараптамалық зерттеулер жүргізіліп жатыр. 5 күннен соң нақты қорытынды диагнозын айтамыз. Әзірше менингиттің расталмаған түрі деп отырмыз", - деді Бекшин. 

Дәрігер Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында СҚО-да тамыз айының басында да осындай бір жағдайдың тіркелгенін айтып өтті.

Дереккөз: tengrinews.kz

27 қыркүйек 2018, 17:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.