Атырау, 23 желтоқсан 16:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Базалық мөлшерлеме 9% деңгейінде сақталды – Ақышев

1 844 рет қаралды


2018 жылдың 3 қыркүйегінде Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы банк төрағасы Данияр Ақышев Алматыда өткен баспасөз мәжілісінде айтты, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Ол мөлшерлеме деңгейін екінші рет сақтап отырғанын және бұл Ұлттық Банктің инфляциялық факторлардың күшейуіне алаңдайтынын көрсететінін атап өтті.

«Базалық мөлшерлеме бойынша бұдан былайғы шешім қыркүйектегі инфляцияға және осы жылдың 4-тоқсанында қалай қалыптасатынына байланысты болады. Инфляциялық қысымның күшеюі кезінде ақша-несие талаптарының артуы орын алуы мүмкін», – деп түсіндірді Ақышев.

Сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы TONIA ақша нарығының базалық индикаторы тамызда және қыркүйекте валюта нарығындағы ахуалға әсер еткенін және 9%-ға жуық деңгейде қалыптасқаны туралы айтып берді

Дереккөз: Baq.kz

27 қыркүйек 2018, 11:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.