Атырау, 22 қараша 02:52
 бұлттыВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Құрғақшылық астыққа қауіп төндірді

5 176 просмотра

Үкімет астықты алқаптың құрғақшылықтан шықпай қалуына байланысты жедел шараларды енгізді. Нан және мал азығының қымбаттауына нақты қауіп төніп тұр деуге болады.

ЕЛДЕ ЖӘНЕ ӘЛЕМДЕ

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтері бойынша, астықты облыстардың мына алаңдарында егін өнім бермейтін болды: Ақтөбе облысы – 35%, Жамбыл – 16%, Қарағанды – 9%, Алматы – 7%, Батыс-Қазақстан – 4%, Оңтүстік Қазақстан – 3%. Қазақстан биылғы жылы 12,8 млн тонна астық жинайды деген болжам бар. Бұл құрғақшылық болған 2010 жылдағы цифрлармен сәйкес келеді. Мұндай проблеманы астықты экспортқа шығарушы басқа да елдер басынан өткеріп отыр. Олардың қатарында: АҚШ, Австралия, Аргентина, Ресей және Украина бар. Осыған байланысты халықаралық астық кеңесі 2012 жылға әлемдегі астық өндіру болжамын 665 млн тоннаға төмендетті, ол өткен жылғы деңгейге қарағанда 30 млн тоннаға аз.

Биржалар өздерін ұзақ күтуге мәжбүрлемейді. Астықтың әлемдік бағасы шілдеде төрттен бір есеге дейін шарықтап кетті, енді бір тонна астық құны 350 долларға жетті. Қазақстандағы баға 200 долларды құрап отыр.

Бүгінгі күні өткен жылы жиналған астық оның алдыңғы жылы жиналған өнімге қарағанда 2,2 есе шапшаңдықпен жұмсалуда. Ауыл шаруашылығы министрлігі 1 тамыздан бастап астықты экспорттаушылардың транспорттық шығындарын субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, Қазақстанның азық-түлік корпорациясы және облыстардың әкімдіктері арасында әлеуметтік нанды пісіру үшін астықты белгіленген баға, яғни, тоннасы 28 мың теңге бойынша жеткізу жөніндегі шешім де қабылданды. 2010 жылы болған құрғақшылық кезінде де осылай жасалды. Сол кезде Қазақстанның азық-түлік корпорациясы аймақтарға 250 мың тонна астық жіберген болатын.

МАЛ АЗЫҒЫ ЖЕТУГЕ ТИІС

Әкімдіктерге астықты жеткізіп беруге тапсырысты алдын-ала жолдау және астықты мақсатты түрде қолданғандығы туралы есеп беру жөнінде тапсырма берілді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының міндетін атқарушы Серік СӘРСЕКЕНОВТІҢ айтуынша, жақында ғана азық-түлік корпорациясы мен облыстық әкімдік арасында 42 300 тонна астық жеткізу бойынша меморандум жасалды. Аталмыш көлемнің үштен бір бөлігін корпорация мал азығы үшін кебек түрінде ұсынбақшы. Сөйтіп, мал азығының бір келісі облысқа 15 теңгеден әкелінеді, ал, фермерлерге 2-3 теңге үстеме ақы қосылып сатылатын болады. Облысқа кәсіпкерлер әкелетін мал азығының санын ескерсек, бұл көлем мал басын сақтап қалу үшін барлық фермерлерге жетуге тиісті. Алайда, егер 45 теңгеден жоғары емес бағамен сатылатын «әлеуметтік» нан пісірілсе, онда бәрі де түсінікті болған болар еді, дегенмен мал өсірушілер үшін мал азығын бөлу механизмі әлі де жасақталатын болады.

Мал азығын сататын кәсіпкерлердің қорлары сақталатын қалалық элеваторда баға әзірге бұрынғы қалпында: бидай – 1 800 теңге, ұсақталған бидай – 1 500, арпа – 1 800, қоспа жем – 1 600, тары – 2 500, сұлы – 1 200 (45 келілік қап үшін). Бауыржан есімді сатушының айтуынша, 2010 жылы мал азығының аталмыш түрлерінің бағасы 1,5-2 есе жоғары болды, егер тамыз айының ішінде астықтың бітік шықпауы дәлелденсе, онда баға сөзсіз өсетін болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

1 тамыз 2012, 20:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.