Атырау, 18 мамыр 17:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​ІІМ әскери-дәрігерлік комиссиясының басшысы парамен ұсталды

1 784 просмотра


Қазақстан Ішкі істер министрлігінің әскери-дәрігерлік комиссиясының басшысына пара алғаны үшін 12 миллион теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласындағы Алматы аудандық №2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Азамат И. ҚР ІІД-нің Орталық әскери-медициналық комиссиясының басшысы бола отырып, материалдарды жеделдетіп қарастыру мақсатында азаматша Т.-дан 200 мың теңге сомасында пара алған", - делінген хабарламада. 

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының үкімімен И.-ға, ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 2-бөлігі бойынша параның алпыс еселенгенге дейінгі мөлшерінде 12 000 000 теңге  айыппұл түріндегі жаза тағайындады.   Үкім заңды күшіне енді.

Дереккөз: tengrinews.kz

26 қыркүйек 2018, 13:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.