Атырау, 25 сәуір 19:31
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Петропавлда көлік қаққан қыздардың бірі көз жұмды

1 665 просмотра


Петропавлда түнгі клубтың алдында көлік қаққан қыздардың бірі көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 25 жастағы бойжеткен есін жимастан облыстық ауруханада қайтыс болды. 

Ол түнгі клубтың алдында автокөлік қағып кеткен зардап шегушілердің бірі еді. Бойжеткеннің бас миы зақымданған және өзге де жарақаттар болған. Ауруханаға аса ауыр халде түскен. Осы уақытқа дейін ол комада болды. Облыстық ауруханада бойжеткеннің көз жұмғанын растады. 

Жол апаты 15 қыркүйек күні таңсәріде Петропавл қаласының орталығында болды. «Лексус» жүргізушісі түнгі клубтың алдында екі қызды қағып кетіп, апат болған жерден ізін суытқан. Бойжеткеннің 2 жасар баласы бар. 

Кейін Павлодар облыстық соты көлік жүргізушісі Илья Старухинге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша айып тағылуда. Анықталғандай, күдікті шетел асып үлгерген. 

«18 қыркүйекте Петропавл қалалық мамандандырылған тергеу соты Қазақстан Республикасының аумағынан тысқарыда жүрген күдіктіге қатысты өтінішті қарады. Өтініш қанағаттандырылып, екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды», - деп түсіндірді облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Дерекөкз: inform.kz

26 қыркүйек 2018, 11:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.